Биыл Қазақстан музейлерінің бірыңғай виртуалды алаңы – E-museum веб-порталы іске қосылмақ

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2025
  • 183

Елімізде музейлер мен тарихи нысандарды цифрландыру арқылы халықтың мәдени мұраға қолжетімділігін арттыру көзделіп отыр. 
Биыл Қазақстан музейлерінің бірыңғай виртуалды алаңы – E-museum веб-порталы іске қосылмақ. Бұл платформа арқылы әлемнің кез келген нүктесіндегі қолданушылар еліміздің мәдени мұрасын 3D үлгілер мен интерактивті форматта көруге мүмкіндік алады.
Мәдениет цифрланбаса – ол тұйықталады. Қазіргі ұрпақ ақпаратты визуалды, интерактивті түрде қабылдайды. Демек, егер біз жастарды ұлттық мәдениетке тартқымыз келсе, оны солардың тілімен, цифрлық ортада сөйлетуіміз керек. Бұған қоса, цифрландыру – мұраны сақтау кепілі. Қағаз құжат пен қолжазба тозады, бірақ цифрлық нұсқа мәңгі сақталады әрі әлемнің кез келген жерінен қолжетімді болады. – деп атап өтті Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Aiqyn газетіне берген сұхбатында.
Сонымен қатар, Айша бибі кесенесіне электрондық билет, Face ID және турникет орнату арқылы туристік табыс мамыр-маусым айларында 4,3 млн теңгеге жеткен.