Алаяқтардың жаңа айласы: Медициналық мекемеден жалған қоңырау түсуде

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2025
  • 109

Алаяқтар медициналық ұйымдардың атынан қоңырау шалып, SMS-кодты жазып, скринингтік жазбаны растауды сұрай бастаған. Бұл олардың жаңа алаяқтық схемасы. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрілігі мемлекеттік медициналық мекемелер SMS-код арқылы жазбаны растауды талап етпейтінін ескертті.
 

«Мұндай кодтар, әдетте, цифрлық қызметтерге кіру немесе операцияларды растау үшін қолданылады. Оларды үшінші тұлғаларға беруге болмайды», - делінген министрлік хабарламасында.