Прокурор Перизат Қайратты "Шапағат" медалінен айыру туралы өтінім білдірді

  • 22 шілде 2025
  • 56

Атышулы Перизат Қайрат және оның анасы қылмыстық жолмен жеткен қыруар қаражатты қайда жұмсағанын прокурор сот процесінде айтып берді. Шығындар тізімінде қымбат зергерлік бұйымдар, саяхат, тіпті, Қытай нумерологиясы бар. Прокурордың айтуынша, айыпталушылар бұл қаражатты қайдан алғанын ақыры түсіндіре алмады. Перизат Қайрат Астанада және Араб Әмірліктерінде пәтер сатқанын, сондай - ақ ет өнімдерін саудалағанын сылтау еткен көрінеді. Алайда бұл уәжі құжат арқылы дәлелденбеді.

АРМАН КИЗЕКЕН, ҚАЛА ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

5 млн теңге – тіс емдету. 10 млн теңге – Турцияға барып емделіп келу. 3 млн теңге – БАД алып ішу. 10 млн теңге – қыдыру. 3 млн теңге – фен-шуй, 1 млн – Бацзы оқу. 2 млн теңге – қыдыру және 3 млн теңгеге киім алу. Тағы 3 млн теңгеге бриллиант білезік.

Сот отырысында прокурор Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сонымен қатар мүлкін тәркілеп, қайырымдылық мақсаттарға қаражат тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыруды өтінді. Ал оның анасын 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Айыптаушы тарап Перизат Қайратты мемлекеттік награда - "Шапағат" медалінен айыру туралы өтінім білдірді. Екі сотталушыға да қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуді тағайындау ұсынылды.