Ұлытау облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушы сотталды

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2025
  • 126

Ол азаматтарды электронды валютаға ақша салып, бонустар алуға шақырып, алдаған. 2024 жылдың наурыз бен желтоқсан айлар аралығында компания кеңсесінде кездесулер өткізіп, жаңа қатысушыларды тіркеп, компания жүйесінде аккаунттар құрған. Сонымен қатар Telegram мессенджері арқылы үгіт-насихат материалдарын таратқан.

Сот үкімімен оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.