«Сырым» өткізу пункті келер жылдың соңына дейін жабық болады

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2025
  • 103

Қазақстан мен Ресей Федерациясы шекарасында орналасқан «Сырым» автомобиль өткізу пунктін қайта жаңғырту және жаңарту жобасы басталды.  

- Құрылыс жұмыстарының басталуына байланысты 2025 жылғы 4 тамыздан бастап «Сырым» өткізу пункті арқылы жеңіл және қоғамдық көліктер үшін өту уақытша тоқтатылады. Шектеулер 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жоспарланып отыр, -деп хабарлады ҚазАвтоЖол.

Ал жүк көліктері үшін шекарадан өту электрондық кезек жүйесі арқылы жүзеге асырылады, күнделікті өткізу қабілеттілігі – 200-250 автокөлік.

Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Батыс Қазақстан облыстық филиалы шектеулерді енгізу мерзімінің кейінге шегерілгені туралы хабарлаған. Қазіргі таңда нақты мерзім бекітіліп, жұмыс жоспарланған кестеге сай жүргізілмек.

Мемлекеттік шекараны өтуге арналған баламалы өткізу пункттері:

1) «Шаған» (ҚР) / «Тёплое» (РФ) — екіжақты, Қазақстан және Ресей азаматтарына арналған. KZ07-01 Орал — РФ шекарасы (Шаған өткізу пункті) автомобиль жолының 33 шақырымында орналасқан;

2) «Ақсай» (ҚР) / «Илек» (РФ) — халықаралық өткізу пункті. KZ07-04 Подстепное — Федоровка — РФ шекарасы (Ақсай өткізу пункті) автомобиль жолының 144 шақырымында орналасқан;

3) «Тасқала» (ҚР) / «Озинки» (РФ) — халықаралық өткізу пункті. KZ07-06 Орал — Тасқала — РФ шекарасы (Тасқала өткізу пункті) автомобиль жолының 104 шақырымында орналасқан.