Бейсенбі Украина мен Ресей арасында келіссөздің үшінші кезеңі өтеді. Бұл туралы Владимир Зеленский мәлімдеді. Қос тарап әдеттегідей Ыстамбұлда кездеседі. Кейбір түркиялық басылымдар диалог уақыты созылуы мүмкін екенін айтуда. Әзірге делегациялар құрамы ресми бекітілмеген. Оның үстіне, журналистер үшін жабық өтетіні де белгілі болды.
ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:
Бұл жолы да Ресейдің қандай пиғылмен келетінін және қандай құрам жіберетінін білмей отырмыз. Сондықтан, біз де білікті саясаткерлерімізді жіберуге негіз бар деп ойламаймыз. Сайқымазақтарды жіберу Ресей үшін әдеттегі жағдай.
"Израиль басшысы – адам емес". Ұлыбританияның Сыртқы Істер Министрі – Дэвид Лэмми осылай деді. Оның айтуынша, соғыс тек бір адам – Биньямин Нетаньяхуға керек. Гуманитарлық көмек үшін кезекте тұрған адамдарды қыру да, Премьер-министрдің тікелей тапсырмасы, - дейді Сыртқы Саяси Ведомство басшысы.
ДЭВИД ЛЭММИ, ҰЛЫБРИТАНИЯ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:
Израиль халықаралық қауымдастық алдында жауап беруі тиіс. Ашыққан бейкүнә балалардың не кінәсі бар? Қарусыз тамаққа кезекте тұрған адамдарды өлтіру арқылы Израиль өзіне ор қазуда. Ешкім енді Израильдің қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды. Бекерден-бекер бүкіл әлемді өзіне жау қылды.
Айта кетейік, Ұлыбритания бастаған бір топ мемлекет Израиль билігіне ғана емес, Палестина жеріне баса-көктеп кірген еврей тұрғындарға қатысты да санкцуия енгізді. Сонымен қатар, Палестина билігімен байланыс орнатты. Бұл мемлекеттер тізіміне 28-і болып Аустралия да кірді.