Оралда күн сайын шамамен 70 жеткіншек жарақатпен ауруханаға түседі

  • 22 шілде 2025
  • 94

Оралда балалардың жарақат алуы азаяр емес. Мамандар келеңсіз көрсеткіштің жазда жиілейтінін айтады. Облыстық балалар ауруханасына күн сайын 70 жеткіншек түрлі жарақатпен түседі.  Биыл бес бала суға кетсе, тағы бір бүлдіршін абайсызда көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін төтенше жағдайлар қызметі жазғы демалыс лагерьлерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жабайы жағажайларды тексереді.  Өйткені өңірде небары 34 жағажай талапқа сай. Суға түсуге болмайды деген тыйымды тыңдамаған ата-аналарға айыппұл салынады.

АЗАМАТ ИСМАИЛ, БҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Көптеген көпқабатты тұрғын үйлерге терезе бұғаттаушы орнатылуда. Осы жылдың өзінде 600-ге жуық бұғаттағыш орнатылды. Бұған қоса судағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түскі уақытта, кешкі уақытта құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылуда. Патруль кезінде 4 бала құтқарылды суға батып бара жатқан.