Қазақстанда криптобиржадағы сауда айналымы 1,4 млрд долларға дейін жетті

  • 22 шілде 2025
  • 98

Былтыр Қазақстанда криптобиржадағы сауда айналымы 1,4 млрд долларға жетті. Ал цифрлық активтер индустриясынан бюджетке түсетін салық түсімдері 10 млрд теңгеден асты. Мемлекет алдында цифрлық активтерді реттелетін экономикалық ортаның бір бөлігіне айналдыру міндеті тұр. Бұл индустрияның ашықтығын  арттырып қана қоймай, технологиялық инвестицияларды тартуға, жұмыс орындары мен экспорттық кірістерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінде Астана халықаралық қаржы орталығында лицензия алған 6 криптобиржа жұмыс істейді. Ал лицензиясы жоқ криптобиржаларға қатысты тиісті шаралар қолданылады.

НАУРЫЗБЕК БИЖАНОВ, ҚР ЦДИАӨМ ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕР ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Лицензия алмаған криптобиржаларды АХҚО мониторинг жасайды. Мониторинг жасап, министрлікке жіберіп, біз оларды тексеріп, сол сайттар бұғатталады. Криптобиржаларды бұғаттау процесі күнде жүргізіледі.