Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2025
  • 90
Фото: Ақорда

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Astana TV.
 
Президент Мысыр елінің одан әрі өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді.

Сондай-ақ қос халықтың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынас алдағы уақытта да арта түсетініне сенім білдірді.