Орманға саңырауқұлақ теруге барған әйелдер адасып кеткен

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2025
  • 103
Фото: ТЖМ

ТЖМ мәліметінше, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қарқаралы мемлекеттік табиғи паркі аумағында кешкі уақытт саңырауқұлақ теруге шыққан екі әйел адасып кеткен, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар мен кинологиялық топ жіберілді. Түнгі уақытқа қарамастан, мамандардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында әйелдер табылды. Олар медициналық көмекті қажет етпеді.

ТЖМ ескертеді: табиғатқа шығар алдында бағытыңызды мұқият жоспарлаңыз, жақындарыңызды жоспарыңыздан хабардар етіңіз және байланыс құралдарын өзіңізбен бірге алуды ұмытпаңыз.