Медбикелерге қосымша жауапкершілік жүктеледі

Медбикелерге қосымша жауапкершілік жүктеледі. Енді олар дәрігерлердің орнына пациенттердің бір бөлігін қабылдайтын болады. Бұл туралы Республикалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының директоры Айгүл Қасымова мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа талап медбикелердің Денсаулық сақтау жүйесіндегі түбегейлі жаңа рөлі. Бұдан бөлек,  жергілікті емханалардың қызмет көрсету уақытын ұлғайту да көзделген. Яғни, дәрігерлік учаскелерде бұрын 4-5 сағат қана қызмет көрсетілсе, енді жергілікті дәрігерлер 6 сағат бойы қызмет көрсетуге міндетті.

АЙГҮЛ ҚАСЫМОВА, ҚР ДСМ «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫ» ШЖҚ РМК ДИРЕКТОРЫ:

Пациенттер медбикеге дәрігердің көмекшісі ретінде ғана емес, сонымен қатар қабылдауды жүргізетін толыққанды маман ретінде де қол жеткізе алады. Қабылдауда Әлеуметтік және психологиялық тәуекелдерді, оның ішінде осалдық факторларын, өмір сүру жағдайларын, тамақтануды, күтімді  сұрау және сәйкестендіру жүзеге асырылады.