Қарағандыда кәріз құдығын жөндеу кезінде екі дәнекерлеуші қаза болды. 29 және 46 жастағы жұмысшылар сумен жабдықтайтын «Қарағанды Су» мекемесінде қызмет еткен. Бірінің 26 жылдық, ал екіншісінің 6 жылдық еңбек өтілі бар мамандар болған. Қазір жағдайды комиссия мен еңбек инспекциясы тексеріп жатыр. Қайғылы жағдайға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша жұмысшылар кәріз газынан уланып қалған.