Қостанай облысында өткен этно-стильдегі марафонда 16 ауданнан келген отбасы бақ сынасты

  • 23 шілде 2025
  • 190

16 ауданнан келген отбасы Қостанай облысында өткен этномарафонда бақ сынасты. Шараны «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты мен Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл бірлесіп ұйымдастырды. Марафонның алғашқы кезеңі – «Отбасы таныстырылымы» болды. Бұл бөлімде қатысушылар өз отбасын, дәстүрі мен салт-санасын шығармашылық түрде көрсетті. Сондай-ақ бағдарлама аясында ұлттық спорт түрлері мен мәдени жарыстар өткізілді.

ГҮЛСАРА ЖАМАНҚҰЛОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Отбасылық құндылықтар – басты назарда. Бүгінгі шара арқылы ата-аналар өз балаларына ұлттық ойындарды, дәстүрлер мен ата-бабалар мұрасын таныстырады. Бұл – үлкенді сыйлау, бірлікке тәрбиелеу. Мұндай кездесулер арқылы отбасылар бір-бірімен танысып, өзара тәжірибе алмасады. Өз болмысына оралу – қазір аса маңызды деп есептеймін

НЕСІБЕЛІ БАСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:

Бұл отбасы марафонының фишкасы бұл этностиль. Бұл жерде ұлттық ойындар болады ол: садақ ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту, домбыра пати. Яғни, әр отбасы өзінің өнерін көрсетеді. Жүлдегерлерге өзіміздің сыйлықтарымыз бар.