Қарағандыда екі жұмысшы құдықты тазарту кезінде көз жұмды

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2025
  • 175

Алдын ала мәлімет бойынша, олар улы газға уланған. Қайғылы оқиға «Қарағанды су» компаниясында болған, деп хабарлайды Astana TV.

Қаза тапқандар – 29 және 46 жастағы жұмысшылар.

Полиция еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды.

Компания қаза тапқандардың қызмет бабында болғанын растады. Қазір комиссия мен еңбек инспекциясы тексеріс жүргізіп жатыр.