Бүгін найзағай ойнап, жаңбыр жауады

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2025
  • 137

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады. Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр күшейіп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Astana TV.

Қазгидромет мәліметіне сәйкес, еліміздің оңтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал бірқатар аймақта жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Астанада күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +31+33°C, желдің жылдамдығы түнде 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +34+36°C, желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с.

Шымкентте күн қатты ыстық. Күндіз ауа температурасы +40+42°C, желдің жылдамдығы түнде 8-13 м/с, күндіз екіпіні 15-20 м/с.