Қазақстанда волонтерлік қозғалыс қарқынды дамуда. 2024–2026 жылдарға арналған Волонтерлікті дамыту және қолдау жөніндегі жол картасы аясында Ұлттық және 20 өңірлік фронт-кеңсе жүйелі жұмыс жүргізуде. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде волонтерлердің қатысуымен 27 мыңнан аса іс-шара ұйымдастырылды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе жоғары нәтиже.
Наурыз айында бастау алған «Жақсылық жаса» марафоны бүкіл ел аумағында жалғасуда. Осы уақыт ішінде әлеуметтік, экологиялық және мәдени бағыттарды қамтыған 1600-ден астам игі іс атқарылды.