Астанада бір топ адам жаппай төбелес шығарды. Жанжал әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан түнде полицейлердің қаланың ойын-сауық орындарының бірінің жанында ер адамдарды ұстап жатқанын көруге болады. Топтық төбелестен жарақат алғандар бар.
ЗУХРА РЫСҚАЛИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру барысында куәгерлерден жауап алынып, оқиға орнындағы бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенуде. Тексеру нәтижесінде қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.