Трамп экс-Президент Барак Обаманы жауапқа тартпақ. Ресеймен құпия байланыс орнатып, сайлауда алаяқтықпен жеңіске жетті деген айып, Трамптың мойнында 2016-ы жылдан бері жүр. Дегенмен, Американың барлық барлау қызметтері құпия құжаттарды күні бүгін жариялады. Оған сәйкес, Трамп өз күшімен жеңіске жеткен. Алайда, Ресейдің де араласқаны расталды. Алайда, өзара байланыс жоқ деп танылған.
КЭРОЛАЙН ЛИВИТТ, АҚ ҮЙ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Осында отырғандардың барлығы сол кезде Президент Трампты айыптап келдіңіздер. Енді ойларыңызды өзгертетін шығарсмыздар. Жанымда тұрған Ұлттық Барлау Бюросының директоры бүкіл деректерді алдарыңызға қойып отыр. Бірақ, сол айыпты бірінші болып жайып Президенттің беделіне нұқсан келтіргені үшін Экс-Президент Обама сот алдында жауап беруі тиіс.
Зеленский мен Путин тамыз аяғының соңына дейін кездеседі. Түркиядағы қос тарап арасындағы 3-і келіссөздер кезеңі аяғына жетті. Украина мен Ресей өкілдері әлі де бір-біріне тағып жатқан айыптары көп. Бірақ, негізгі мәселе бойынша уағдаластық бар.
РҮСТЕМ УМЕРОВ, УКРАИНА ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:
Украина соғысты тоқтатуға келіседі. Бірақ, Ресей мүлдем соғысты тоқтатуға қарсы. Бірақ, осы бүгін мемлекет басшыларымыздың кездесуі туралы келісімге келдік. Сонымен қатар, 1200 тұтқыннан алмасуға да уағдаластық. Ол жақын арада жүзеге асырылады.
Трамп Американы жаһандық жетекші ел ретінде сақтап тұратын заңға қол қойды. Ол Жасанды Интеллект пен өзге заманауи технологияларға инвестицияларды қамтиды. Ол негізгі үш заң жобасынан құралған.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Жалпы, осы заңға қол қоя отырып, тағы бір жайт туралы айтқым келеді. Жасанды интеллект деген атау маған мүлдем ұнамайды. Себебі, ол интеллект, бірақ, жасанды емес. Ол санаулы жылдардан кейін медицина, өндіріс және соғысқа дейін тікелей әсер етпек. Ал, Америка – осының бастауында болуы тиіс.
Таиланд пен Камбоджа шекарасында жағдай шиеленсі түсті. Шекарада атыс болып, қос жақтан да бейбіт тұрғындар мерт болды. Екі ел де, қарсы тарап бірінші болып атысты бастады, деп хабар таратуда. Камбоджаның бір сарбазы да қаза тапқаны туралы хзабарлануда.