Қызылжарда ассамблея жастары Конституция күні қарсаңында 100-ден астам шара өткізген

Қызылжарда ассамблея жастары конституция күні қарсаңында 100-ден астам іс шара өткізген. Барлығы бес мыңға жуық адам қамтылған. Мәселен, белсенді топ сан түрлі челлендж, халық арасында викторина, эко бастамаларды ұйымдастырып, қариялардың ауласын жинастыру сынды бірқатар акцияны қолға алған. Кейінгі ұрпақ өкілдері Ата Заңымыздың мерейтойын ерекше атап өтпек. Себебі, Конституция - бұл тұрақтылықтың кепілі, деп есептейді олар.

ДАРИҒА СМАИЛОВА, "АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Конституция күніне орай біз тамыз айында 100ге жуық адамды қамтуды ойластырып жатырмыз. Жастар арасында Ата Заңымызды насихаттау керек. Егер жастар заңға бағынса, мемлекетіміз, тәуелсіздігіміз тұрақты болып табылады деп ойлаймын.