Оралда қызметтік іздестіру иттерінің жарысы өткізілді

Оралдағы 5517 әскери бөлімінде қызметтік іздестіру иттерінің жарысы өткізілді. Сайысқа еліміздің батысындағы төрт қалада орналасқан Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің үздіктері іріктеліпті. Олар түзету мекемелеріндегі қауіпсіздікті сақтап, көзге түскен төбеттерден таңдалған. Бүгін оларға қойма мен көлікке жасырылған есірткі мен жарылғыш заттарды, қару-жарақты табу, қашқан қылмыскерді қуып жетіп ұстау тапсырылды. Бұл тапсырманы мүлтіксіз орындағандары күзде өткізілетін республикалық байқауда "бағын сынамақ".

ЕРКЕБҰЛАН ЖОЛДАСОВ, КИНОЛОГ:

Қазіргі таңда осы Босс атты қызметтік итпен жарысқа келдім. Бұл - есірткі іздеуші ит. Жалпы Белоруссияда ТМД елдерінің арасында 2 орын алған қызметтік ит. Мұны үйреткеніме үш жыл болды. Өзіммен бірге қызмет етіп жатыр. Төрт аяқты досымыз біздің. Бұл - сангвиник ит, қызу мінезді. Үйрету оңай. Үйрету амалдары ойын түрінде итті үйретеміз.