"AMANAT" партиясының ұйымдастыруымен кезекті "Таза бейсенбі" экологиялық акциясы өтті

Астана қаласында "Таза бейсенбі" экологиялық акциясы жалғасуда. "AMANAT" партиясының ұйымдастыруымен өткен кезекті тазалық шарасына бұл жолы "Астана РЭК" мекемесінің қызметкерлері атсалысты. Игі іске қатысушылар бұл шара қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған бірлік, жауапкершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі, дейді.

НАЗЕРКЕ ЕРШАТҚЫЗЫ, "АСТАНА РЭК" АҚ ИНЖЕНЕРІ:

Бүгінгі күні бізде "AMANAT" партиясының Нұра аудандық филиалымен бірлесе отырып, "Таза бейсенбі" акциясын ұйымдастырып отырмыз. өздеріңіз көріп отырғандай, бізде офис қызметкерлері қоршаған ортаға ұқыптылықты арттыру мақсатында, жалпы экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында осындай тазалық жұмыстарын, абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.  

Шымкент қаласының тұрғындары да тазалық акциясынан тыс қалмады.  50-ге жуық адам көпқабатты тұрғын үйлердің арасын қоқыстан тазартты. Акцияға партияның қалалық және аудандық филиалдарының қызметкерлері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері мен қалалық коммуналдық мекемелердің жұмысшылары белсене қатысты. Жалпы жыл басынан бері «Таза бейсенбі» акциясы мегаполисте 28 рет ұйымдастырылып, оған 2500-ге жуық адам қатысқан. Осы аралықта 25 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 200-ден астам көшет егілді.

ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бірінші кезекте аулаларды тазалыққа қарай баулып жатырмыз. Азаматтарын тазалыққа шақырып жатқан жайымыз бар. Сондықтан барлық кезеңдерде біз осындай апта сайын «Таза бейсенбі» акциясын жалғастыратын боламыз. Бұл бірінші кезекте біздің қаламызды таза ұстауға, экологиялық тазалыққа алып келеді. Екіншіден, біз барлық қала жұртын осы тазалыққа шақыруды үндеп жатырмыз.