Кипрдегі орман өрті 124 шаршы шақырым аумақты шарпыды

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2025
  • 222

Кипрдің Лимассол және Пафос аудандарында орман өрті салдарынан 29 ауыл жарықсыз қалған. Жергілікті биліктің мәліметінше, 2 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам зардап шеккен. Тұрғындар мектеп мен әкімдік ғимараттары, кітапханалар мен жеке үйлерге эвакуациялануда.

Қатты жел мен аптап ыстық қызыл жалынды сөндіруде қиындық туғызуда.