Димаш Құдайберген "STRANGER" атты жеке концертін өткізеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Концерт биыл 5 қазанда әйгілі Madison Square Garden сахнасында болады.
"Әр шығармасы неоклассикалық стилімен танымал қазақстандық әнші әрі композитор, мульти-аспапшы және продюсер Димаш Құдайберген Нью-Йоркте "Stranger" атты әлемдік турының арнайы бағдарламасын ұсынады.
2025 жылдың 5 қазанында Нью-Йоркте Madison Square Garden сарайында кездескенше", - деп жазды әнші.