Қазақстанда жүкті әйелдер мен гинекологиялық аурулары бар әйелдерге арналған медициналық көмек қайта құрылымдалып, алғашқы медициналық-санитариялық көмек аясында қолжетімді болмақ.
Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері "әйелдер консультациясы" бөлімшелерінің жұмысын қалпына келтіретінін хабарлады.
Бастаманың мақсаты – еліміздің әйел халқына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру делінген.
Әйелдер консультацияларының жаңартылған құрылымында:
- Бір күндік клиникасы бар ұрықты сақтау орталықтары
- Отбасын жоспарлау орталықтары
- *Жүктілікті үзу кабинеттері
- Мультидисциплинарлық топтың қатысуымен жоғары қауіпті және экстрагениталдық аурулары (ЭГА) бар жүкті әйелдерді қадағалауға арналған кабинеттер
- Репродуктолог және балалар гинекологының кабинеттері ашылады.
Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шәкизат Халықова бұл бастама – әйелдердің денсаулығын жақсартуға, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған нақты қадам екенін айтты.