Астанада Сейфуллин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2025
  • 78

Астанада 26 шілде мен 6 тамыз аралығында С.Сейфуллин көшесінің Бейбітшілік көшесінен Республика даңғылына дейінгі бір бөлігі жабылады.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының ақпаратынша, Сейфуллин көшесінің Бейбітшілік көшесінен Республика даңғылына дейінгі аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді.

"Осыған байланысты 26 шілде мен 6 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы алдымен Республика даңғылына қарай, кейін Бейбітшілік көшесіне қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", - делінген қала әкімдігінің ақпаратында.