Жамбыл облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Жамбыл облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Екатеринбург – Алматы тасжолында болған. Toyota Alphard маркалы минивэннің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, сол бағытта келе жатқан SDLG экскаватор-тиегіш техникасымен соқтығысады. Салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы тіл тартпай кетті. Тағы бір адам мен экскаватор тізгінінде отырған азамат ауруханаға жеткізілген. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

СЕЙІТЖАН ҮЙСЕНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.:

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі көлік арнайы тұраққа қойылды.