Астанада мас жүргізуші полициядан қашты. Бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған азамат заңға бағынбаған. Қашу кезінде ол бірнеше рет жол ережесін өрескел бұзып, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Нәтижесінде жүргізуші патрульдік көлікке соғылды. Ер адам сол жерде ұсталды. Қалалық соттың үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылды.Сондай-ақ, келтірілген материалдық шығын толығымен сотталушының есебінен өтелді.