Елімізде шомылу маусымы басталғалы 75 адам суға кеткен

Шомылу маусымы басталғалы елде 75 адам суға кетті. Оның 28-і – бала. Оқыс оқиғаның басым бөлігі Алматы, Қарағанды, Ақмола облыстарында болған. Мәселен, бір ғана Қапшағай су қоймасынан күнара 3-4 адам судан құтқарылады. Мамандар демалушыларды ескертулерге құлақ асып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.