Қостанай облысында ауласында қарасора өсірген ауыл тұрғыны ұсталды. Арнайы операцияны облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Бейімбет Майлин ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп жүргізді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 11,5 келіден асқан. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бөлек, күдіктінің үйінен қолдан жасалған атыс қаруы табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесінде бұл қарудың ойық ұңғылы, яғни атуға жарамды екені анықталды.