Трамптың жақтастарының барлығын психиатриялық ауруханаға күштеп жатқызу керек. АҚШ Конгрессі Өкілдер Палатасының бұрынғы төрағасы осылай дейді. Нэнси Пелосидің айтуынша, әсіресе, биліктегі республикалық партия өкілдерін жіті бақылау керек. Зейнетке шыққалы берген алғаш сұхбатында экс-төрайым, алыңғы Президенттер – Барак Обама да, Джо Байден де елге опасыздық жасаған жоқ.
НЭНСИ ПЕЛОСИ, АҚШ КОНГРЕССІ ӨКІЛДЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Президенттер Обама да, Байден де, бізде екі жылдық демократиялық басымдықтар болған кезде бірнеше жақсы заң қабылдады. Ал, республикалықтар кедергі келтіруден басқа ештеңе бітірген жоқ. Қазір, елге опасыздық жасады деген қауөсетке қалып отыр. Барлық күштік құрылымдарға Трамп, өзі сияқты ауытқулары бар адамдарды тағайындаған. Барлығын, психиатриялық ауруханаға жатқызып, қамап тастау керек. Трамптың есінен алжасқаны ешкімге жасырын емес шығар.
Украинада Президентке қарсы наразылық акциялары өршіп кетті. Жұрт: «Зеленский сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің орнына, одан сайын жағдайды ушықтырып отыр. Тіпті, жемқорларға көмектесуде», - деп санайды. Себебі, антикоррупциялық қызмет пен жемқорлыққа қарсыв арнайы прокуратураны Бас Прокуратураның ішіне кіргізу туралы заң қабылданған. Алайда, Зеленский, түсініспеушілік болғанын алға тартуда.
ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:
Біздің күні кеше жүргізе бастаған реформаларымыз ресейдің ықпалын жою үшін қабылданған еді. Себебі, кейбір жемқорлыққа қарсы күресуі тиіс органдарда Ресеймен байланысы бар адамдар бар екені анықталды. Олар, күресудің орнына, жемқорлардың қашуына ықпалдасқан. Біз жаңа органдарды құрып, оларға толық еркіндік береміз. Халықтың арыз-талабы ескерілді.
Израиль, кенеттен Газа секторының халқын аштықтан құтқарамыз, - дейді. Тіпті, гуманитарлық көмек тарататын жаңа пунктты көрсетті. Кеше ғана, БҰҰ бас хатшысы жыл соңына дейін Израильдің кесірінен, бар халық қырылып қалуы мүмкін деген баяндама жасаған еді.
АБДУЛЛА ХАЛАБИ, ГАЗА СЕКТОРЫНДАҒЫ ИЗРАИЛЬ УАҚЫТША ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ:
Біз ашықпыз және барлық әріптестерімізді бірге қызмет жасауға шақырамыз. Халықаралық ұйым мүшелері келіп, бізге көмектесе аламыз. Жан-жақтан келген көмек, Израильдің де гуманитарлық жүктері осында. Біз қауіпсіз пункт ашып, халықты осында шақырамыз.
Таиланд пен Камбоджа арасындағы атыстың қарқыны артып барады. Екі жақ артиллерия мен авиация қолдана бастады. Қаза тапқандар туралы айтылғанымен, нақты саны жарияланбады.