Ақтауда 1 тамыздан бастап су, жылыту және кәріз тарифтері өзгереді

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2025

Маңғыстау облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінде «Каспий жылу, су арнасы» коммуналдық мекемесінің өтінімі бойынша бекітілген судың барлық түрінің, жылу энергиясының және кәріздің жаңа тарифтері нақтыланды. 

Жаңа тарифтер 2025 жылдың 1 тамызынан бастап есептеледі. Өсім электр энергиясының қымбаттауымен байланысты.

Тарату желілері арқылы ауыз су беру қызметтеріне тарифтер 1 шаршы метр үшін 147,19 теңгеден 149,18 теңгеге дейін, техникалық су — 1 шаршы метр үшін 65,92 теңгеден 65,96 теңгеге, ыстық су — 1 шаршы метрі 174,01 теңгеден 180,39 теңгеге өсті. Ал, жылу энергиясын беру және бөлу жөніндегі қызметтер 1 Гкал үшін — 1208,85 теңгеден 1249,89 теңгеге дейін өсті. Шығару және су бұру тарифі — текше метр үшін 85,67-ден 88,60 теңгеге қымбаттады,- делінген хабарламада.