Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған 27 қыз жүкті болып қалған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, дені 17 жаста. Төртеуі ауылдық жерде тұрады екен. Ойнаймын деп от басқан 9 қыз сәбиін аман-есен өмірге әкелген. Дәрігерлер ана мен баланың денсаулығы қалыпты десе де, ерте жүкті болу зиян екенін ескертеді. Өйткені толық жетілмеген жасөспірімнің ағзасы бала көтеруге дайын емес. Сондықтан жастардың жыныстық сауатын ашу керек дейді.
АЙНАГҮЛ НҰРБОЛАТҚЫЗЫ, БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Жастар денсаулығы орталығымен 2025-тің 6 айында 15 361 кеңес өткізілді. Бұл кеңестің барлығы келіп-кеткендер ғана емес, сонымен қатар, мектептерге, оқу орындарына барып, ерте жүктіліктің алдын алу, отбасын жоспарлау, жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында жүргізіледі.