Филиппинде «Ко-Мэй» дауылы соғып, 25 адам опат болды. Тағы 8 кісі із-түзсіз жоғалып кетті. 280 мың тұрғын үйлерін тастап, қауіпсіз жерлерге көшкен. Сағатына 165 шақырым жылдамдықпен соққан жел үйлердің шатырларын ұшырып, талдар мен электр бағаналарын құлатты. 3 мыңға жуық ғимарат зақымданған.
Дүйлей желмен бірге селдеткен жауыннан Лусон аймағын су басып жатыр.
Табиғат апатына байланысты 77 қалада төтенше жағдай жарияланды. Қазір аймақта іздестіру-құтқару шаралары жүріп жатыр.