Мемлекеттік жоспарлау құжаттары аясында 4,6 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының "10 мың адамға шаққанда 100 жаңа жұмыс орны" бастамасы аясында – шамамен 63 мың адам, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына – 66 мыңнан астам адам, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары аясында 116 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан.
"Қазір жастар негізінен IT мамандықтарын таңдайды. Бұл жасанды интеллект, инженерлік, технологиялық мамандықтар саласы. Әрине, уақыт талабын ескере отырып және еңбек нарығындағы сұранысқа сай біз бұл мамандықтардың тізімін үнемі жаңартып отырамыз", – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов.