Шығыс Қазақстан облысында полиция капитаны түрмеде отырған адамнан пара талап еткен

Шығыс Қазақстан облысында полиция капитаны түрмеде отырған адамнан пара талап еткен. Ол лауазымын пайдалана отырып, азаматтан кейбір материалдарды сотқа жібермеу үшін 400 мың теңге   алған. Ұлан ауданының аға инспекторы пара алғанан кейін қолға түсті. Оған қатысты сот шешімі шығып, іс бойынша кінәлі деп танылды.