Қызылордада Атомдық бақылау комитетінің басшысы ұсталды

Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департамент басшысы ұсталды. Ол жер қойнауын пайдаланушылардан жүйелі түрде материалдық пайда алуға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырды деп айыпталып отыр.

ҚАЙЫРЛЫ АХМЕТ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі уақытта осы адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы және 364-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қамауда ұстау бұлтартпау шарасы ретінде тағайындалды.