ТЖМ құтқарушылары Алматыда тау бөктеріндегі өртті сөндіруде

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2025
  • 181

Алматы қаласының Медеу ауданында Кенсай-1 аумағында тау бөктерінде өрт шықты. Өрттің жалпы ауданы шамамен 15 гектарды құрайды.

Таулы жер бедері, тік жартастар және өрт сөндіру техникасы үшін жол қатынасының шектеулі болуы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты. Жұмыстар қолда бар құралдар мен аспалы өрт сөндіргіштерді қолдана отырып жүргізілуде.

Оқиға орнында жеке құрамнан 50-ге жуық  қызметкер және 20-дан астам техника, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардан су тасымалдайтын машиналар жұмылдырылған.

Тұрғын үйлерге қауіп жоқ.

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және жою жұмыстары жүргізілуде.