Алакөлде катер қағып кеткен әйел көз жұмды

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2025
  • 121

Абай облысындағы Алакөлде катер 63 жастағы әйелді қағып кетіп, салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Оқиға жағалаудан 200-250 метр қашықтықта болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел қауіпсіздік аймағынан асып жүзіп кеткен.

Катер жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сот-медициналық және техникалық сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабымен тергеу жүргізілуде.