Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов шілдеде теңге бағамының күрт құбылуына қатысты мәлімдеме жасап, жағдай бақылауда екенін айтты. Оның сөзінше, доллардың 550 теңгеге жетуі нарықтық себептерге байланысты, алыпсатарлық әрекеттер байқалмаған.
Теңгеге қысымның негізгі себептері:
-ақша массасының 18%-ға өсуі;
-бюджет шығыстарының артуы (инфрақұрылым, әлеуметтік қолдау);
- импорттың көбеюі;
-шетел валютасына сұраныстың өсуі.
Ұлттық банк интервенция тек алыпсатарлық жағдайында ғана қолданылатынын айтты. Ал экономикалық себептермен болған өзгерістерге араласу керісінше зиян тигізуі мүмкін.