Жетісу облысы құрылғаннан бері Алакөл жағалауын дамытуға 12,3 млрд теңге бөлінді. Соның нәтижесінде 25 жыл бойы шешілмей келген электр жарығы мен кәріз жүйесі мәселесі шешімін тауып, жағалау инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарды.
Электр тапшылығын жою үшін 56,8 шақырым электр желісі тартылып, 2 қосалқы станция салынды. Ақши ауылында кәріз жүйесінің құрылысы басталды, Көктұмада жоба дайындалуда.
Санитарлық тазалық күшейіп, 220 қоқыс жәшігі мен 22 модульдік әжетхана орнатылды. Көлде қауіпсіздік пен су көліктерінің қозғалысын реттеу мақсатында жаңа ережелер енгізілді.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, былтыр Алакөлге 1,7 млн турист келген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,2%-ға көп. Қызмет көрсету көлемі 1,8 есе артты. Туристік нысандар саны 270-ке жетті.