«Таза Қазақстан»: «Жасыл Ел» жастары 18 қап қоқыс жинап, табиғатты қорғауға үн қосты

Жастар саябағында «Жасыл Ел» жастарының бастамасымен «Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясы аясында ерекше іс-шара өтті. Бұл іс-шара елімізде кеңінен танылған «Жасыл ел» бағдарламасының аясында ұйымдастырылды. Игі бастамаға 150-ден астам жас ерікті қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.