ТЖМ қызметкерлері өртті жедел түрде сөндірді.
Ақтөбе қаласында Курсантское тас жолының бойында орналасқан ЖШС аумағында 2 жүк көлігі мен автомобиль шиналары өртенді.
Жедел келген өрт сөндірушілер 70 ш.м. алаңдағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.