Мас жүргізуші жол апатына ұшырап, оқиға орнынан қашпақ болды

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2025
  • 90

Қостанай қаласында TANK 300 автокөлігін мас күйде басқарған 57 жастағы азамат жол апатына себеп болды.

Жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған белгісіне тоқтамай, алдымен қоршауға, кейін ВАЗ-2115 автокөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан материалдық шығын келтіріліп, жүргізуші оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан.

Тексеру барысында оның орташа дәрежеде мас болғаны анықталды.

Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлік айып тұрағына қойылды. Жүргізуші айықтырғышқа жеткізіліп, іс сотқа жолданды.