Теннистен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик жеңіске жетті

Теннистен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласындағы топырақты кортта өткен ATP 250 сериялы турнирінің финалында жеңіске жетті.

Отандасымыз ақтық сында франциялық Артур Казомен кездесті.

1 сағат 26 минутқа созылған матчта Александр Бублик бес эйспен қоса, жеті брэйк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Нәтижесінде 6:4, 6:3 есебімен жеңді.