Бірінші жартыжылдықта мәдениет саласында 1500 студент байқауларда жеңімпаз атанды

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында мәдениет саласындағы білім беру жүйесі жаңа жетістіктерге жетті. Атап айтсақ, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден бастап, колледждер мен жоғары оқу орындарына дейін айтарлықтай нәтижелер көрсетті.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдардың 30-дан астам білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге сәтті аккредитациядан өтті. 2025–2026 оқу жылына министрлікке қарасты жоғары оқу орындары мен колледждерге мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 1647 грант бөлінді.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы дайындық бағыттары бойынша жоғары оқу орындарының сұраныс рейтингісінде 1-орынды иеленді. Қазақ ұлттық өнер университетіне Күләш Байсейітова есімі берілді.