ТЖМ құтқарушылары Ақсай шатқалында қураған шөптің жануын сөндіруде

Өрт Алматы облысы Қарасай ауданының Көклайсай саяжайлары ауданында болды. Өрттің ауданы анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

Жақын маңдағы саяжай учаскелерінің тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. Қазіргі уақытта тұрғын үйлер мен іргелес аумақтарға өрттің таралу қаупі жойылды.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ № 28237 әскери бөлімінің күштері мен құралдары, сондай-ақ Мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлері дереу жіберілді. Барлығы 150- ден астам адам мен 20 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт сөндіру жергілікті жердің күрделі рельефімен және ауа-райы жағдайларымен күрделенуде, алайда өртті жою жұмыстары жалғасуда.

Өрт сөндіруге қосымша ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ су ағызу құрылғысы бар Ми-8 тікұшағы тартылды.