Тауда жарақат алды

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2025
  • 116

Құтқарушылар тауда аяғын жарақаттап алған жігітті эвакуациялады.

Алматы қаласының Медеу ауданы аумағындағы Көк Жайлау шатқалында жас жігіт аяғын жарақаттап, өз бетінше жүре алмай қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы оқиға орнына аттанды.

 Құтқарушылар Ақбұлақ (Просвещенец) ауданынан Көк Жайлауға жаяу бағыт алды. Олар зардап шеккен азаматқа жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Аяғын қайырып алған 2004 ж.т. азаматты құтқарушылар БАО постына қарай тасымалдап, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

 ТЖМ ескертеді: таулы жерлерде серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз, ыңғайлы аяқ киім киіңіз және ауа райын алдын ала қадағалаңыз.