Қарағандыда сауда орталығы өртенді: 250 адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2025
  • 93

Өрт  үшінші қабаттан шыққан.  

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өрттің басқа бутиктерге таралуына жол бермей, 130 шаршы метр аумақтағы отты оқшаулап, сөндірді.

Өрт сөндіруге 60-қа жуық құтқарушы мен 20 арнайы техника жұмылдырылды. Сауда орталығы әкімшілігі өрт сөндірушілер келгенге дейін 250-ге жуық адамды эвакуациялады.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің нақты себебі анықталып жатыр.