Еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғады

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2025
  • 130

Бүгін Солтүстікте жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ соғып, таңертең тұман түседі. Оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі,-деп болжайды синоптиктер. 

Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Абай облыстарында ыстық ауа райы күтіледі. Еліміздің оңтүстік-батысында ауа райы ашық болады. Бірқатар облыстарда, әсіресе елдің оңтүстік және батыс бөліктерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында қатты жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

 ️ Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай соғып, күн күркіреп, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік - батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 12 + 14 °, күндіз + 27 + 29 ° болады.

 ️ Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 23 + 25 °, күндіз + 33 + 35 ° болады.

 ️ Шымкентте көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жаумайды. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 21 + 23 °, күндіз + 34 + 36 °.