Құрманғазы ауданына қарасты Теңіз ауылында сирек өсетін жабайы лотос гүліне арналған мәдени-туристік фестиваль өтті.
Бұл — Қазақстандағы лотос гүлдері табиғи түрде өсетін жалғыз аймақ.
Фестиваль аясында 20 киіз үйден тұратын этноауыл, ұлттық қолөнер мен тағамдар жәрмеңкесі, гастроаймақ, фотозоналар, қайықпен серуендеу және концерттік бағдарлама ұйымдастырылған.
Іс-шара ішкі және шетелдік туристерді тартуға, өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.